Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай академиясының курсанттары донорлық қан тапсырды

Қостанай академиясының курсанттары донорлық қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін 50 курсанттың әрқайсысы науқас әйелдің өмірін сақтап, 450 мг қан тапсырды.

Зейнегүл Сабирова облыстық ауруханада гематология бөлімінде емделуде. Оның әріптестері мен жақындары қала тұрғындарынан көмек сұрады.

– Біз мұны ести сала бірден З. Сабироваға көмектесуге шешім қабылдадық. ЖОО қызметкерлері мен білім алушылары үшін донор болу дәстүрге айналды. Біз ауыр науқастарға көмектесуге өз үлесімізді қосамыз деп үміттенемін, – дейді ІІМ Қостанай академиясының бастығының орынбасары Ахан Нурушев.

Негізгі процедурадан бұрын медицина қызметкерлері әр донордың қан тобын анықтады.

– Курсанттар донор болуға үздіксіз атсалысады. Біздің балаларымыздың дені сау, күш-қуатқа толы. Сондықтан болашақ офицерлер әрқашан көмекке келуге дайын, – дейді оқу-саптық бөліністің взвод командирі Сұлтан Сейілбеков.

Жауап қалдыру