Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 80-ге жуық қару тапсырды

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 80-ге жуық қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында заңсыз айналымдағы қаруларды сатып алу акциясы өтуде. Акция барысында 25 сәуірден бері 57 тұрғын өз еркімен 78 қару, екі шолақ мылтық тапсырған.

Аталмыш акцияға Бәйдібек ауданының тұрғындары белсенді түрде қатысып жатыр. Мәселен, Бәйдібек ата ауылының тұрғыны Е. Қыдырәлиев атасының 1945 жылы Ұлы Отан соғысынан алып келген Мосина ойық ұңғылы қаруын ерікті түрде полицияға тапсырды. Қазіргі уақытта қару сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде, азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданатын болады.

Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтау мақсатында облыс көлемінде мыңнан аса шаруа қожалықтарында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға өз еркімен тіркелмеген қаруларды өткізіп, сыйақы алуға болатындығы жіті түсіндірілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру