Қостанай академиясының офицерлері петропавлдық жоғары сынып оқушыларына онлайн форматта кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді
ІІМ Қостанай академиясының офицерлері петропавлдық жоғары сынып оқушыларына онлайн форматта кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің солтүстігіне келген аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Өңірге келген ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері ZOOM-конференция арқылы Петропавлдың мектепті бітіруші сыныптары мен колледждерінің оқушыларымен сөйлесті. Үйден шықпай-ақ, балалар академия, оқу және жұмысқа орналасу туралы мағлұмат алып, қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Қостанай академиясы – ҚР ІІМ жүйесіндегі үш жоғары оқу орнының бірі. Мұнда әкімшілік блоктың полиция офицерлері дайындалады: әкімшілік және жергілікті полиция қызметкерлері. Бұл, ең алдымен учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары, сондай-ақ ювеналды полицейлер, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері және басқа да көптеген полиция қызметтері.
Оқушылар негізінен тұру және оқу жағдайлары туралы сұрақтар қойды. Академия оқытушылары оқытудың тегін екенін, курсанттардың барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілетінін, жұмысқа орналасуға кепілдік берілетіндігін хабарлады.
Сондай-ақ бейнеконференция режимінде Солтүстік Қазақстан полициясының тәрбие және кадр жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлері сөз сөйлеуге қосылды. Олар облыс оқушыларымен тұрақты негізде кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізіп тұрады.
Полицейлер еске салады:
Полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне немесе СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасына Петропавл қаласы Алматы к-сі, 55, 314 кабинет, немесе Жұмабаев к-сі, 118 мекенжайы бойынша, сондай-ақ: 8 (7152) 61-26-68; 39-48-05; 39-48-94 телефондары арқылы хабарласуға болады.