Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк көлігінің жүргізушісі Жетісу облысының полицейлеріне уақытылы көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді

Жүк көлігінің жүргізушісі Жетісу облысының  полицейлеріне уақытылы көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қарашада Үшарал – Достық автожолының 36 шақырымында жанармай мәселесі туындаған жүк көлігі жолда қалып қалған. Дала аймағындағы ауыр жүкті Данияр Жақсыгелдинов пен Еділ Қожабергенов құрамындағы автопатруль байқады. Тас жолда аяздан тоңып қалған 32 жастағы ер адам Алматыдан Достық станциясына бара жатқанын, бірақ оның көлігінің отын жүйесінде температураның күрт төмендеуіне байланысты елеулі проблемалар туындағанын түсіндірді.   

Патрульдік көлікте жүргізуші жылынып полицейлер дизель отынын алып, жүк көлігінің қозғалтқышын бірлесіп іске қосты. Содан кейін олар автокөлікті жақын маңдағы елді мекенге жанармай құюға алып барған. Ер адам қарлы боранда уақытылы жәрдемдескені үшін тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын айтып, сондай-ақ автокөлік жүргізушілеріне ауа-райының қолайсыздығында жолдарды жауып тұрған полицейлердің талаптарын елеусіз қалдырмау туралы өтініш білдірді.   

– Полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарды не үшін жауып тастайтынын енді ғана түсіндім. Ең алдымен – қауіпсіздік. Суық және ауа райының қолайсыздығынан алыс жолға шығу үшін алдымен жақсылап ойлану қажет, – деп атап өтті жүк көлігінің жүргізушісі.   

Жетісу облысында соңғы бірнеше күнде қатты аяз, қалың қар жауады. Автожолдарда көктайғақ пен боран байқалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру