Қостанай облысында «102» мобильді қосымшасы арқылы 100-ден астам хабарлама келіп түсті
Қостанай облысында жыл басынан бері «102» мобильді қосымшасы арқылы 100-ден астам хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының Полиция департаментінде өткен жылы «102» мобильдік қосымшасы іске қосылды – бұл азаматтардың бейне және аудио-қоңыраулар арқылы келіп түскен хабарламалары мен өтініштеріне ден қоюдың қосымша ресурсы. Ең көп хабарламалар жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы болды.
Мысалы, 17 шілдеде «102» мобильдік қосымшасының көмегімен Чкалов-Абай көшелерінің қиылысында көлік жүргізушісі маневр жасап, ЖҚЕ бұзып, апаттық жағдай тудырғаны туралы хабарламасы келіп түсті. Бұл бұзушылық видеода тіркелді. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
– «102» — бұл омниканалды байланыс қосымшасы. Бұл полицияға кез-келген ыңғайлы форматта хабарласуға мүмкіндік береді: фото және видео материалдар, аудио және бейне қоңыраулар тіркелген мәтіндік хабарлама. Геолокация пайдаланушының орналасқан жерін анықтауға, қоңырау шалуға немесе оған көмектесуге мүмкіндік береді, тіпті егер адамның өзі мекенжайын айту қиын болса да. SOS батырмасы дабылды геолокациялау бойынша патрульдің дереу шығуын болжайды. Қосымша жұмысының ашық болуы да маңызды: өтініш берушіге оның өтініші бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлама жіберіледі, – деп түсіндіреді 102 операторы Дамир Көлбаев.
Азаматтардың полицияға хабарламаларын қабылдаудың жаңа процесі ыңғайлы, өйткені ол барлығына қол жетімді. PlayMarket, AppStore қосымшалары арқылы тегін орнатуға болатын «102» мобильді қосымшасы арқылы Қостанай облысы ПД Жедел басқару орталығының операторларымен тікелей байланысуға болады. Жеке деректерге сәйкес қосымшада тіркелу және оларды қолжетімді тәсілдермен растау қажет. Жүгінген адам бейне және аудио қоңырауларды жүзеге асыруға, медиафайлдарды тіркеуге, электрондық өтінішке келіп түскен жауаптың сапасын бағалауға мүмкіндігі бар. Қосымшада SOS батырмасы көрсетіледі, оның көмегімен жедел басқару орталығымен тікелей байланысуға болады.
– Біз қабылданған ақпаратты электрондық кәртішкеге тіркейміз және жақын арадағы полиция нарядын жіберу үшін ЖБО кезекшісіне жібереміз. Хабарласқаннан кейін қоңырау шалушы орындалу барысын көре алады. Сондай-ақ, біз мұрағатта хабарламаның келіп түскен күні мен уақытын көре аламыз, яғни бәрі сақталады, – дейді Д.Көлбаев.
Жыл басынан бері «102» мобильді қосымшасы арқылы 100-ден астам хабарлама аудио және мәтіндік, сондай-ақ бейнеқоңыраулар келіп түсті.