Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны ұрыны анықтаған полицейлерге алғыс айтты

Павлодар облысының тұрғыны ұрыны анықтаған полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Ақсу ауылынан Анастасия Петровадан алғыс хат келіп түсті.

Жеке кәсіпкер өз хатында қысқа мерзімде көмек көрсеткен учаскелік полиция инспекторлары Естай Базилов пен Марат Аюповке алғыс білдіреді. Өйткені 30 шілдеде бутиктен белгісіз адам ерлер тонын ұрлап кеткен, сол уақытта әйел бірден учаскелік инспекторға жүгінді.

– Учаскелік инспекторлар ұрланған затымды жедел тауып, ұрыны ұстады. Мен сіздің қиын еңбегіңізді терең бағалаймын. Оларға зор денсаулық және қызметте табыс тілеймін. Тамаша қызметі үшін балаларға үлкен рақмет! Құрметті Василий Васильевич! Осындай айбынды қызметкерлерге және олардың кәсіпқойлығына алғыс айтқым келеді, – деп жазады кент тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру