Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында 5 мыңға жуық оқушы онлайн қауіпсіздік сабағына қатысты

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңір мектептерінің оқушылары үшін каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған онлайн профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқушыларды барынша қамту мақсатында кездесу онлайн ұйымдастырылды. Онлайн қосылуға Қостанай облысының 45 мектебі қатысып, шамамен 5 мың оқушы қамтылды.

Сабақ барысында полиция қызметкерлері балаларға каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Әсіресе үйге, мектепке және жаттығуға бару кезіндегі қауіпсіз бағыттарға ерекше назар аударылды. Алынған білімді бекіту мақсатында оқушылар арасында тест тапсырмаларынан тұратын викторина өткізілді. Балалар белсенді түрде қатысып, білімдерін көрсетті.

Сонымен қатар онлайн кездесу барысында Zoom платформасы арқылы балалар жол-көлік оқиғалары кезіндегі жарақаттанудың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру