Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында гашиштің ірі партиясы тәркіленді

Қостанай облысында гашиштің ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Тобыл қаласында Есірткі қылмысы басқармасының қызметкерлері 37 жастағы азаматты ұстады. Тінту барысында оның күртешесінің төс қалтасынан жалпы салмағы 17,5 гр жасыл түсті ұнтақ заты бар үш полиэтилен байламы табылып, тәркіленді.

Тұрғылықты жерін тінту кезінде гаражда салмағы 189,2 г ұқсас зат табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 206,7 гр гашиш болып шықты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.

Биыл заңсыз айналымнан 176 келі 870 гр тәркіленді. Түрлі есірткі, оның ішінде 555 гр.- героин, 18 келі 486 гр. – гашиш, 851 гр. синтетикалық препараттар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру