Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұрланған су сорғысын иесіне қайтарып берді

Ақмола полицейлері ұрланған су сорғысын иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 сәуірде Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұрлық туралы арызбен жүгінді. Ер адамның айтуынша, 28-нен 29 сәуірге қараған түні үйдің ауласынан белгісіз адам су сорғысын ұрлап әкеткен. Келтірілген залал сомасы 150 мың теңгені құрады. Үйдің ауласынан ол тек сорғыдан кесілген шлангтарды тауып алған.

Бастапқыда қаскөйді іздеу нәтиже бермеді. Ұрлық жасаған адамның жеке басын анықтау жұмыстары 5 айдан астам уақыт бойы жүргізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ерейментау АПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.

Бұрын сотталмаған 41 жастағы қала тұрғыны сорғыны жергілікті тұрғындардың біріне сатып жіберген. Ол тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру