Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында зейнеткер балық аулау кезінде суға батып кетті

2 шілдеде Қостанай облысы Федоров ауданында “Три девицы” көлінде Владыкинка ауылында тұратын 1955 жылы туған балықшы суға батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл су айдынынан сегіз шақырым жерде болды. Куәгерлердің айтуынша, ол балықтың уылдырық шашуы кезінде жеке құтқару құралдарынсыз темір қайықпен балық аулаған.

Оның жоғалғаны туралы хабарлама Федоров ауданының ТЖ бөліміне 2 шілдеде сағат 19:36-да келіп түсті. Оқиға орнына жергілікті құтқарушылар мен жедел-тергеу тобы шықты. Суға батып кеткен адамның денесі 3 шілдеде сағат 02.30-да табылған, оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

25 мамырдан бастап құтқарушылар күшейтілген қызмет атқару нұсқасына көшті. Күн сайын алдын алу жұмыстары барысында олар су айдындарында, қоғамдық орындарда, тұрғын үй
секторында, орман-дала алқаптарында рейдтер ұйымдастырды.

Тұрғындармен нұсқаулық өткізіп, жадынамалар таратады. Құтқарушылар арнайы жолға шығады. Қалалар мен ауылдардың көшелерінде және машиналарында дауыстап айту байланысы арқылы судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс, табиғи және тұрмыстық өрттердің алдын алу, балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша талаптар айтылды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жазғы балық аулауды ұнатушыларға балық аулаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Міндетті түрде қайықта құтқару шеңбері, белдігі немесе кеудешесі, шелегі немесе суды соруға арналған басқа да ыдысы болуы керек.

Суға шомылу кезінде және балық аулауда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Есіңізде болсын – сіздің қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру