Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” аяқталды

Қостанай облысында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы уақытта облыс полициясы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөлді.

“Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” автокөліктерді басқарудың жоғары деңгейлі дағдыларын көрсетуді көздейтін автокөлік мектептерінің курсанттары арасындағы жарыстармен аяқталды.

“Біз өмірге сенеміз!” акциясы Қостанай облысы ПД және Қостанай автомектептер қауымдастығының қатысуымен өткізілді. Іс-шараға автомектеп курсанттары қатысты.  Бірінші орынды Дмитрий Штукерт, екінші орынды Мирас Айтмагамбет, үшінші орынды Таир Сармурзин иеленді.

Бір апта ішінде полицейлер әртүрлі үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды біріктірген 10-нан астам ауқымды акциялар өткізді. Олардың ішінде “Көрінуің – қауіпсіздігің”, “Сіздің жолаушыңыз – бала”, “Жол қозғалысы ережелерін білуші”, “Студенттік идеялар мен бастамалар – жолдарда қауіпсіз жүру үшін” акциялары, ЖКО құрбандарына қан тапсыру акциясы бар. 

Түрлі іс-шаралармен облыстың 10 мыңнан астам тұрғыны қамтылды. Тәртіп сақшылары мектептерде, сондай-ақ облыс жолдарында парақшалар таратты. 

Бүгін Қостанай облысында ауа райы өзгерді, қар жауды, кейбір аудандарда боран соғуда.  Тәртіп сақшылары кезекті рет жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау және автокөлікті қысқы кезеңге уақытында дайындау туралы ескертумен жүгінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру