Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында жол қозғалысының жас инспекторларының XXI республикалық слеті өтеді

Қостанай облысында жол қозғалысының жас инспекторларының XXI республикалық слеті өтеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

12-21 тамыз аралығында Қостанай облысында жол қозғалысының жас инспекторларының XXI республикалық слеті өтеді.

Іс-шараға Қазақстан өңірлерінен 20 және ТМД елдерінен 6 команда — барлығы 26 команда қатысады. Облысқа 240 қатысушы келеді, оның ішінде 11-14 жас аралығындағы 182 бала бар.

Негізгі жарыстар мен байқаулар Алтынсарин ауданындағы “Орленок” балаларды сауықтыру орталығында өтеді.

Қатысушылар үшін спорттық және зияткерлік сайыстар, мәдени-сауықтыру бағдарламасы, экскурсиялар, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференция мен полиция қызметкерлері мен педагогтерге арналған семинарлар ұйымдастырылады.

Слет балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға және жас жол инспекторлары қозғалысын дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру