Қостанай облысында “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өткізіліп жатыр
Қостанай облысында “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Егер бұған дейін осындай іс-шара барысында ІІО қызметінің барлық бағыттарына қатысты мәселелер қаралса, бүгін жол қозғалысын қадағалауға баса назар аударылды.
Полиция департаментінің 10 қызметкері Қостанайдың орталығында азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Мәселен, тұрғындардың көбі жол белгілерін орнатуды, Қостанайдың бірнеше көшелерінде “қос тұтас” белгісін алып тастауды және кейбір бағдаршамдардың жұмыс режимін өзгертуді талап етті.
– Ең алдымен, жол инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жағдайы жоғары апатқа әкелетінін түсінуіміз керек. Адамдар әлі күнге дейін “жайлылық аймағынан” шыға алмай жүр, сондай-ақ қауіпті болса да, ыңғайлы жолмен жүргілері келеді, – деп жауап берді облыс ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.
Қостанай облысы жол-көлік оқиғаларының саны бойынша аутсайдерлер көшбасшыларының қатарында.
Статистика жаға ұстатады. Мәселен, бір жыл ішінде аймақта жол-көлік оқиғасы 150,6%-ға, ал жарақат алғандар 132,5%-ға өсті. Жыл басынан бері жолдарда 36 адам қаза тапты, оның ішінде 1 бала.
– Егер қала маңындағы трассаларда апаттар көбінесе қауіпсіздікке көз жеткізбей басып озатын жүргізушілердің абайсыздығы мен өзіне деген сенімділігіне байланысты болса, қалада жол қозғалысын дұрыс ұйымдастырмау жол апатының себептерінің бірі, – деді Алексей Милюк.
Сонымен қатар қостанайлықтар департаменттің әлеуметтік желілерінде тікелей эфир өткізу кезінде де сұрақтар қойды.
Онлайн алаңды пайдалана отырып, полицейлер жүргізушілерге көлікті қайта жабдықтау және көліктегі қатты музыка үшін жауапкершілік туралы тағы да еске салды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бұл 700-ге жуық адам тәртіп сақшыларына жүгінген екінші республикалық акция.