Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ЖЖИ слетінің қатысушылары тәжірибе алмасып, жаңа дағдыларды меңгерді

Қостанай облысында ЖЖИ слетіне қатысушылар үшін қызықты күн ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Орленок” балалар сауықтыру лагерінде XXI Жас инспекторлар слетіне қатысушылар үшін мазмұнды әрі әсерлі күн ұйымдастырылды. Балалар таңғы жаттығу жасап, түрлі байқауларға қатысып, би кешінде көңіл көтерді.

Сонымен қатар Қазақстанның 20 облысы мен ТМД-ның 6 елінен келген патрульдік полицияның үгіт-насихат бөлімшелерінің қызметкерлері тестілеуден өтіп, кейін өзара тәжірибе алмасты және профилактикалық жұмыстардың тиімді әдістерін талқылады.

Жас инспекторлар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабаққа қатысып, қажетті дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгерді. Сондай-ақ бөлімшелердің өкілдері де алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Мұндай іс-шаралар қатысушылардың көкжиегін кеңейтіп, жаңа практикалық дағдыларды меңгеруге, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және кәсіби әрі достық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру