Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының МКҚБ полиция қызметкерлері суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

Қостанай облысының МКҚБ полиция қызметкерлері суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 19 шілдеде Лисаков қаласы «Қызыл-Жар су қоймасы» күзетілетін объектісінде Қостанай облысының МКҚБ кезекші жасағы батып бара жатқан әйелді құтқарды.

Шамамен сағат 19:25-те Қостанай облысының полиция старшинасы Талгат Издыбаев қызмет атқару кезінде біреудің көмекке шақырған дауысын естіген. Мұқият қарап, көпірден 50 метр қашықтықта суға батып бара жатқан әйелді көрді.

Талгат Издыбаев оқиға туралы полиция старшинасы Вячеслав Маличевке ескертіп, құтқару шеңберін алып, тез арада көпірден түсті. Бетонды толқын кесіктерінің үстіне тұрып, әйелге құтқару шеңберін лақтырды. Әйелдің шеңберді ұстағанына көз жеткізген соң, оны арқанмен тартып, жағаға шығарды. Одан кейін Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері жедел жәрдем шақырды.

Белгілі болғандай, әйел басқа жағалауға өте алатыны туралы құрбысымен бәстескен, бірақ шамасы жетпей суға бата бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру