Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ-ның 2 күні ішінде 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ-ның екі күні ішінде үш мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың жолын кесу мақсатында 19-23 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шараны өткізудің негізгі міндеттерінің бірі қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау болып табылады. Сонымен қатар, тәртіпсақшылары тас жолдарға жақын орналасқан елдімекендерді, шаруа қожалықтарын және жолбойындағы кафелерді аралап шығуда.

Жедел профилактикалық іс-шара басталғаннан бері ШҚО полиция қызметкерлері  65 қылмысты ашып, 12 бірлік заңсыз сақталған атыс қаруын тәркіледі, оның ішінде 3 ойық және 9 тегіс ұңғылы қару.

Сондай-ақ, операция барысында үш мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:

– ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) – 364 құқық бұзушылық;

алкогольдік ішімдік ішкені үшін, немесе,  қоғамдық орындарға  мас күйінде келгені үшін (ҚРӘҚБтК – нің 440-бабы) – 634 құқық бұзушылық;

– кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) – 147 құқық бұзушылық;

мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 28 құқық бұзушылық анықталды;

Көші-қон қызметі желісі бойынша – 62 құқық бұзушылық анықталды (ҚР ӘҚБтК – нің 518 бабы – шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы– 60, ҚР ӘҚБтК – нің 519-бабы Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту ” – 2).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру