Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

BMW автокөлігін заңсыз айдап әкеткен 23 жастағы қостанайлық ұсталды

Бөтеннің BMW автокөлігін заңсыз айдап әкеткен 23 жастағы қостанайлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 19 шілдеде автокөлікті айдап әкету туралы хабарлама Рудный қалалық ПБ Қашар кентінің Пб-нің кезекші бөліміне 24 жастағы жергілікті тұрғыннан келіп түсті. Жәбірленуші BMW маркалы көлігін бірінші шағын аудандағы үйінің жанында тұраққа қойғанын айтты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған автокөлікті патрульдік полиция инспекторлары мен учаскелік полиция инспекторы аз уақыт ішінде тапқан. Көлікті басқарған 23 жастағы ер адам, ал жолаушы орындығында 18 жастағы жігіт болған. Тәртіп сақшылары оларды әрі қарай тексеру үшін полиция бөліміне жеткізді.

Айдап әкету нәтижесінде айдап әкетілген автокөлік жарамсыз күйге келтірілген (оталдыру аспаптары бүлінген).

Күдіктінің айтуынша, олар Қашар поселкесін аралап жүріп, автокөлік ұрлауды шешкен. Бірақ алыс кете алмады, полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК 200-бабының 2-бөлігі (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иелену) бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

“BMW” иесі автокөлікті қайтарған полиция қызметкерлеріне жедел әрекеттері үшін алғыс сөздерін жазды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру