Алматы облысында ұсақ мал ұрлаған үш күдікті құрықталды
Алматы облысында ұсақ мал ұрлаған үш күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қорам ауылының 59 жастағы тұрғыны белгісіз адамдардың жеке секторына заңсыз кіріп, үйінің ауласында тұрған әрқайсысының құны 55 000 теңгені құрайтын алты бас қойларын және әрқайсысы 25 000 теңге тұратын бес бас қозыларын жасырын түрде ұрлап, оған елеулі түрде, яғни барлығы 455 000 теңге көлемінде залал келтіргенін көрсетіп арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді.
– Жүргізілген кең ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікке ілінген 31 мен 33 жас аралығындағы үш ер адам анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктілер жасаған қылмастарын толығымен мойындады. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды,-дейді Еңбекшіқазақ АПБ-ның Жақсылық Алтынбаев.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарлды.