Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада сотталғандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ақмолада сотталғандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде Көкшетау қаласы “Жақия қажы” мешітінің наиб имамы Камалаш Серикжан ЕЦ-166/24 мекемесінде жазаларын өтеп жүрген сотталғандарды онлайн режимінде Ораза айт мерекесімен құттықтап, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәттердің көп болуын тіледі.Кездесу барысында имам сотталғандарға Ораза айт мерекесі туралы мағлұмат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

– “Айт” сөзі – “мерекелеу”, “хал сұрасу”, “бір-бірін қуанту”, “қуанышқа топталу”, “қарымта” деген мағыналарды, сондай-ақ “жыл сайын қайталанып келуші мейрам” дегенді білдіреді. Осы мерекеде сіздерге жақсылық пен амандық тілей отырып, әрқайсыңызға өз отбасыларына аман есен оралуыңызға тілектеспім, – деді имам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру