Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші анықталды

Қызылордада жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 300-ге жуық дерек тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қала бойынша жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол-көлік оқиғаларына тікелей септігін тигізетін құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлығы 17 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл басынан бері Қызылорда қаласы бойынша мас күйінде көлік тізгіндеген 300-ге жуық дерек тіркелген.

Мәселен, 20 шілде күні сағат 01:30 шамасында ЖБО бейне-бақылау камералары арқылы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама келіп түсті. Полицейлер хабарлама бойынша, Б.Момышұлы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы LADA Largus автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші автокөлікті “орта” дәрежедегі мас күйінде басқарғаны анықталып, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.

– Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болады. Осы ретте автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырғым келеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін, – деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Нұрлан Ағаділов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру