Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерден ақша ұрлаған шымкенттік қолға түсті

Пәтерден ақша ұрлаған шымкенттік қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 19 шілдесінде Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, оның 233 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ учаскелік полиция  қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс адамдарға заттарын бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру