Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері спорттық жарыстарда бақ сынады

Қостанай облысының полицейлері спорт күніне арналған спорттық жарыстарда бақ сынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Динамо” спорт базасында спорт күніне орай облыс полицейлері арасында спорттық жарыстар өткен. Оған Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ, Қостанай қаласы полиция басқармасы, Қостанай облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және Қостанай ауданы полиция бөлімі секілді бөлімше қызметкерлерінен тұратын 4 команда қатысқан.

Қатысушылар шағын футбол, қол күрес, жағажай волейболы, арқан тарту, армрестлинг және гір спорты сияқты спорт түрлерінен бақ сынасқан.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов жарысты аша отырып, спортпен шұғылдану полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің ажырамас бөлігі екенін айтқан.

Жарыс қорытындысы бойынша, шағын футболдан 1-орынды ПД ЖҚАЖ командасы, 2-орынды Қостанай қаласы полиция басқармасының командасы, 3-орынды Қостанай облысы МКҚБ командасы иеленді.

Арқан тарту бойынша, бірінші орынды Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ командасы, екінші орынды – МКҚБ командасы иеленді. Ал үздік үштікті Қостанай қаласы полиция басқармасының командасы алды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру