Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорскіде 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап кеткен

Степногорскіде 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамыз Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 2 жасар қыздың ауруханаға “Әр түрлі жарақаттар, ЖБМЖ, МШ, іштің тұйық жарақаты” диагнозымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Белгілі болғандай, қараусыз қалған бүлдіршін терезенің москит торын итеріп, екінші қабаттан құлап түскен.

Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру