Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі

Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қамысты ауданының полиция қызметкерлері “Рефлекс” операциясын жүргізу кезінде 44 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.

Ауыл тұрғынының үйінде санкцияланған жеке тінту барысында 14 келі марихуана тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат есірткі – кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 180 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

– “Рефлекс” ЖААІШ шеңберіндегі полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті – есірткі және синтетикалық психоактивті заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті жандандыру, — деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру