Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері жоғалған 7 жасар қызды тапты

Қамысты полицейлері бір сағат ішінде жоғалған 7 жасар қызды тапты. Бала ауладағы қосымша үй-жайда ұйықтап қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазан күні сағат 18.30 шамасында Қамысты аудандық полиция бөліміне 7 жасар баласының жоғалып кеткені туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Әйелдің айтуынша, оның қызы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Туыстары оны өз бетінше іздеуге тырысқанымен, нәтиже болмаған. Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Қамысты ауданының барлық жеке құрамы бағытталды.

Полицейлер қыздың болуы мүмкін жерлерді – стадион, ойын алаңдары мен дүкендерді тексерді.

Бір сағат ішінде қызды полиция қызметкері Алмат Баяндинов тапты. Бала өз үйінің ауласындағы қосымша үй-жайда ұйықтап қалған. Баланың анасы тәртіп сақшыларына баласын іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру