Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері екі тонаушыны ұстады

Астана полицейлері екі тонаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта “102” пультіне Сауран көшесіндегі жатақханада Ресей азаматтарын ұрып-соғып, мүлкін тартып алғаны туралы хабарлама келді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ішімдік ішу нәтижесінде жатақхана қонақтары арасында жанжал туындағанын анықтады. Бірге уақыт өткізгеннен соң, ішінде Ресейдің екі азаматы бар жалға алушылар арасында төбелес болған. Мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алған.

Полиция қызметкерлері ШҚО мен СҚО-ның 29 және 32 жастағы екі тұрғынын ұстады, олардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.

Күдіктілерге қатысты 191-бабы “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілер мойындау көрсетпелерін беріп, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру