Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық және Қызылорда облыстық Полиция департаменттерінде кадрлық тағайындаулар болды

Елордалық және Қызылорда облыстық Полиция департаменттерінде кадрлық тағайындаулар болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция бөлімшелері басшыларының басшылық лауазымдарына ұсынылған кандидаттармен танысып шыққан болатын. ІІМ басшысы оларға басшылардың нақты талаптары мен міндеттерін еске салды.

– Қызметкерлердің моральдық-жауынгерлік рухы, жергілікті жердегі ахуал сіздің қасиеттеріңізге байланысты. Өңірлерде біздің негізгі буынымыз, министрлікке жүктелген барлық міндеттерді орындайтын бөлімшелеріміз бар. Сіз жергілікті жерде не болып жатқанын, негізгі қауіптің көзі қайдан екенін жақсы біліп, жедел әрекет ету, заңды, дұрыс және жауапты шешімдер қабылдау, жедел жағдайды бақылаудан жібермеу сияқты міндеттерді үнемі назарда ұстауларыңыз керек, – деді ведомство басшысы.

Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне Ілияс Жұмағұлов тағайындалды.

Құқық қорғау органдарында ол 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді. Криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтерінде басшылық қызметтер атқарды.

Сонымен қатар сол күні министрдің бұйрығымен Астана қаласы Полиция департаменті Алматы ауданы Полиция басқармасының бастығы лауазымына Дияс Тоқатов тағайындалды.

Дияс Тоқатов 17 жылдан астам ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істейді. Соңғы лауазымы – Астана қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру