Қостанайда 6 жасар бала терезеден құлап кетті
Қостанай қаласында алты жасар бала 2-қабаттың терезесінен құлап кетіп, аман қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 14 мамыр күні сағат 23.37-де болған. Қостанай қаласында алты жасар бала екі қабатты жеке меншік үйдің 2-қабатындағы балалар бөлмесінде болған. Уақыт кеш болғанына қарамастан, барлық отбасы мүшелері сергек отырған. Бала бөлмеде бір өзі қалып терезеден москит торын алып тастауды шешті. Алайда немқұрайдылықтың салдарынан сыртқа құлап түсті. Құлаған кезде ол өсіп келе жатқан ағаштың бұтақтарынан ұстап, жұмсақ жерге қонды.
Бала жерден көтеріліп, өздігінен үйге кірді, бұл туралы ата-анасына хабарлады. Кеуде омыртқасының жарақаттары диагнозымен жәбірленуші облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.
Қазір ол қажетті медициналық көмек алып жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын орташа тұрақты деп бағалайды.
Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік мақсатында терезелерге торлар немесе құлыптар орнатыңыз. Есіңізде болсын! Масалардың торлары – балаңызды құлап қалудан қорғамайды!