Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Ақтөбе облысында пандемия кезінде көмекке мұқтаж адамдарды анықтап, заң жүзінде көмек көрсетіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесі аясында Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының  инспекторы Ақгүл Касангалиева мен “Малика” дағдарыс орталығының директоры Динара Карабалинамен және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп пандемия кезінде көмекке мұқтаж адамдарды анықтап, заң жүзінде көмек көрсетіліп жатыр. Жылдың басынан бері облыс аумағында “Отбасы” акциясы және “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шара өткізілді.   

Облыста төрт ай қорытындысы бойынша 391 қолайсыз отбасылар мен ІІО есепте тұрған 348 кәмелетке толмағандарды қатаң бақылауға алып, онлайн режимінде тексеріліп тұрды.

Сонымен қатар, тұрмыста құқық бұзуға бейім азаматқа қорғау нұсқамасы – 1863, маскүнемдер – 1183 және 492 ерекше талап қойылған азаматтарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріп,  учаскелік полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ПД Жергілікті полиция басқармасы қызметкерлері мен “Малика” дағдарыс орталығының  директорымен бірлесіп, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты  отбасы тұрмыстық зорлық- зомбылыққа тап болғандарды және оларды балаларымен орталыққа орналастырылды. Қазіргі таңда тұрмыстық жағдайда зорлық зомбылыққа тап болған 31 құрбан  дағдарыс орталықтарды паналаған көмекке мұқтаж адамдармен кездесу ұйымдастырып, алдын-алу іс-шараларын жүргізіп, әйел адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыс тағы заңнамаларының нормаларын жеткізіп, заңгерлік кеңес көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру