Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер халыққа бір қадам жақындай түсті

Қостанайда 7 стационарлық полиция бекеті жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін облыс орталығында 7 стационарлық полиция бекеті жұмыс істейді. Алғашқы стационарлық бекеттер халықтың көп жиналатын жерлеріне орнатылған.

Бекеттер қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан.

“Біз қазір Әл – Фараби және Чехов көшелерінің қиылысында орналасқан “Юбилейный” орталық бекеттерінің біріндеміз. Бұл қаланың қозғалысы ең көп ауданы, өйткені мұнда бірнеше колледж, университет және студенттік жатақханалар бар,  сондай-ақ жақын маңда теміржол вокзалы мен Орталық алаң орналасқан”, – дейді Қостанай облысы ПД ЖПҚБ аға инспекторы Абай Әлиев.

Стационарлық бекеттер екі немесе үш бөлмеден тұрады, барлық қажеттіліктермен жабдықталған, мұнда арнайы құралдарды сақтауға арналған сейф, кеңсе жиһазы, стационарлық радиостанция бар. Сондай-ақ, полиция бекеті бейнебақылау жүйесімен, өрт-күзет дабылымен жабдықталған.

Инспектордың айтуынша, адамдар полиция бекетіндегі полиция қызметкерлеріне жиі жүгінеді. Полиция лейтенанты Аманат Төлеуханов “Юбилейный” стационарлық бекетінде екі жылдан бері  жұмыс істейді. 

“Адамдар “Полиция” деген жазуды көреді, сосын көмек сұрайды, өйткені мұнда бәрі қол жетімді және тез. Тұрғындар көбіне түнгі уақыттағы шуға шағымданады. Сондай-ақ, көмекке шетелдіктер, қала қонақтары зәру. Олар қаланың белгілі бір  нысандарының қайда екенін сұрайды. Біз адамдарға бірден көмектесеміз”, – дейді инспектор А.Төлеуханов.

Келесі жылы Қостанай облысының Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалаларында модульдік жылжымалы стационарлық полиция бекеттерін орнату жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру