Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер ауыл тұрғынына жоғалған бір отар қойды қайтарды

Қостанайлық полицейлер ауыл тұрғынына жоғалған бір отар қойды қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Камысты полицейлері Ақтөбе облысына кеткен малды тапты. Қамысты ауданының полициясына Пушкино ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Ер адам еркін жайылымнан 120 қойдың жоғалып кеткені туралы хабарлады. Келтірілген залал алты миллион теңгеге бағаланды.

Үлкен аумақты қамту үшін үш топ құрылды. Полиция қызметкерлері ауылдар мен жақын маңдағы аудандарды тексерді. Екінші тәулікте бір отар қой көршілес Ақтөбе облысының даласынан табылды. Ауыл тұрғыны полицейлерге мал іздеуге көмектескені үшін үлкен алғысын білдірді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға мал жаю ережелерін сақтау және малды қараусыз қалдырмау туралы тағы да ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру