Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда абаттандыру ережелерін бұзған 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Петропавлда жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзған 3 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау, аяқ асты пайда болатын қоқыс үйінділері Петропавлдағы өзекті мәселелердің бірі. Полиция қызметкерлері мұндай фактілерді анықтау және олардың алдын-алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Өкінішке орай, қала тұрғындарының бір бөлігі қоқысты белгіленген жерге емес, жұмысқа немесе дүкенге барар жолда “ыңғайлы жерге” тастауды әдетке айналдырған.

Бұндай әрекет санитарлық тазалыққа үлкен қауіп. Дәл осындай қоқыс үйіндісі Батыр Баян көшесінде пайда болды. Көшенің қоқысқа толған бөлігі жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін, мектепке баратын балалар үшін проблемаға айналды. Мұнда бірнеше күн ішінде учаскелік инспекторлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-2-бабы бойынша жалпыға ортақ пайдалану орындарын ластау үшін 20-дан астам хаттама жасады.

– Жыл басынан бері осы бап бойынша 903 қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша тағы 3217 адам жауапқа тартылды. Оларды сақтау – “Әр үйге учаскелік инспектор” қалалық акциясының басты тақырыптарының бірі. Ол 19 қыркүйекте бастау алды. Мақсаты – халықты учаскелік инспекторлармен жақындастыру. Әр адам өзінің учаскелік инспекторын біліп, олармен байланыста болуы керек. Сондай-ақ, акция аясында халықпен жиын өткізу жоспарлануда. Тәжірибе көрсеткендей, абаттандыру мәселелері – жиындарда жиі қойылатын сұрақтардың бірі, сондықтан оларға қатысуға қалалық әкімдіктің өкілдері де шақырылады. Мәселені шешуде жазалау шараларын қолданбай-ақ, қаланың тазалығы үшін күресте күш біріктіруге болады, – дейді Петропавл қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру