Қостанайлық полиция-психологтар авторлық әдістемені әзірледі
Қостанай облысының инспектор-психологтары ұжымды біріктіру, психоэмоционалды разрядтау және полиция басқармалары қызметкерлері арасында жеке өсуді дамыту үшін "Time psychology" психологиялық іс-шарасын, психология уақытын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара "Қостанай облысы ПД-да полицейдің үлгілі мәдениетін қалыптастыру" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтті. Құжатта полиция жұмысын трансформациялауға бағытталған бірқатар бағыттар қарастырылған.
- Бұл бағдарлама Қостанай облысы ПД инспектор-психологтарының авторлық туындысы. "Time psychology" іс-шарасында қызметкерлер мимика бойынша адамды тану бағытында білімдерін көрсетті. Сондай-ақ есте сақтау және зейін бойынша ойлау кезеңдерін тексерді. Бағдарламада практикалық және теориялық психологиялық тапсырмалар болғандықтан көшбасшылық және шешендік қасиеттерін тексерді, - деп атап өтті Қостанай облысы ПД психологы Дамира Мекебаева.
Іс-шара соңында қызметкерлер оң пікірлерімен бөлісті және осындай тренингтерді тұрақты негізде өткізу қажеттігін атап өтті.
Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасында психологиялық іс-шаралар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартады. Корпоративтік рухты арттырады және полиция бөлімшелерінде тәртіп пен заңдылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімді. "Time psychology" іс-шарасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы ауыспалы кубок табысталды. Болашақта мұндай формат облыс полиция бөлімшелерінде де қолданылатын болады.