Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз аң аулаумен айналысып жүрген Шымкент тұрғынына хаттама толтырылды

Заңсыз аң аулаумен айналысып жүрген Шымкент тұрғынына хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 наурызда Шымкент ҚПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобы және Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу. Шара барысында арнайы топ қала аумағындағы “Маятас” тұрғын алабының жанындағы жазық даладан күндізгі сағат 14:00 шамасында заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген ер адамды байқайды.

Тәртіп сақшылары қаруды тексеру кезінде заңды тіркелгені белгілі болды. Алайда аңшылық жасауға рұқсат қағазы болмаған.

Осыған байланысты күдікті азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидалаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңмен тыйым салынған құралдарды сатудағы шектеулер туралы толығырақ айтып, заңсыз аңшылықпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соғатынын айтып түсіндірді.

Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы 13 наурызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру