Қостанайлық полиция қызметкерлері Абай күніне челлендж ұйымдастырды
Қостанай облысының полиция қызметкерлері Абай күніне челлендж ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 тамыз қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбаевтың туған күні. Бұл күн ресми мереке ретінде енгізілген.
Мерекеге орай қостанайлық полицейлер Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, Kostanay plaza СОО-да челлендж ұйымдастырды.
Қала тұрғыны Ақжібек Ақмолдиева мұндай шағын концерттер жиірек өтуі керек деп есептейді. Өйткені олар шығармалары он тілге аударылып, әлемнің үздік кітапханаларына жіберілген ақынның ұлылығын болашақ ұрпақ міндетті түрде білуі керек деп есептейді.
Қостанай облысы ПД полицейлері эстафетаны Қостанай, Лисаковск және Рудный қалалық полиция басқармаларына жолдады. Олар да бұл челленджен қалыс қалмай, кезекпе-кезек ақынның өлеңдерін оқып жатыр.