Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық тұрғын ұрлық жайтын ашқан полицейлерге алғыс айтты

Қостанайлық тұрғын ұрлық жайтын ашқан полицейлерге алғыс айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғыны полиция қызметкерлеріне өзінің өндірістік үй-жайында болған ұрлықтың жедел ашылғаны үшін алғыс білдіреді. Ер адам қоймадан электр құралдары, музыкалық орталық, кір жуғыш машина және басқа да тұрмыстық заттар жоғалып кеткенін байқаған. Шығын шамамен 2 млн теңгені құрады.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер күдіктілерді тез арада анықтап, қолға түсірді, олар бірнеше ұрлыққа қатысты күдікті ретінде танылған 39 және 31 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.

- Тексеру барысында ер адам мен әйелдің басқа есіммен жұмысқа орналасып, ұрлық жасағаны анықталды. Мұндай 3 факт Қостанай облысының аумағында тіркелді. ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Қостанай қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің орынбасары Болат Нұртазин.

Полиция күдіктілер сатып үлгерген ұрланған заттарды тәркілеп, иесіне қайтарып берді. Арызданушы полицейлерге алғысын жеткізді.

- СПБ КПБ бастығының орынбасары Болат Нұртазинге, аға жедел уәкілдер Жангелді Әліби және Азамат Мұстафаға жеделдігі мен кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді, - деп жазды хатта қостанайлық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру