Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық учаскелік полицей қарақшыны ұстады

Қостанайлық учаскелік полицей қарақшыны аумақты аралау кезінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында “Тоқта-алаяқ” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Алтынсарин ауданының учаскелік инспекторы Нұрлан Серғалиев демалыс күндері өзінің қызмет көрсететін учаскесі – Щербаков ауылының тұрғындарын аралап шықты.

Ауыл тұрғындарына полицей интернет-алаяқтардың құрбанына айналмау керектігін айтып, алдын алу буклеттерін таратты. Октябрь көшесіндегі аулалардың бірінде оған 87 жастағы зейнеткер жүгінді. Әйел жарты сағат бұрын белгісіз біреу оған шабуыл жасап, тонағанын айтты. Ер адам оның әмиянынан 30 мың теңге ақша алып қашып кеткен.

– Зейнеткердің бірден полицияға жүгінуге мүмкіндігі болмады. Ол жалғыз тұрады. Мені көрген қарт әйел көзіне жас алып, не болғанын айтып берді. Бірден барлық полиция жасақтарына бағдар берілді, – дейді Нұрлан Серғалиев.

Полицей бір сағат бойы күдіктіні ауыл дүкендерінің бірінің жанында анықтап, ұстады. Ол еш жерде жұмыс істемейтін 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Биыл ауылдық учаскелік полиция қызметкері үш ұрлықты “ізін суытпай” ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру