Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер өңірдегі мектептерде қауіпсіздік сабақтарын өткізді

Қостанай өңірінің мектептеріндегі Білім күні облыс полицейлері өткізген қауіпсіздік сабақтарынан басталды. Қостанай қаласының төрт мектебінде ұйымдастырылған іс-шараға Қостанай облысы ПД бастығының орынбасарлары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк М. Горький атындағы гимназияның бастауыш және жоғары сыныпта білім алатын оқушыларымен кездесті. Негізгі тақырып – мектеп қауіпсіздігі. Бүгінгі таңда барлық мектептер бейнебақылау жүйесімен, сондай-ақ турникеттермен қамтамасыз етілген.

Полиция полковнигі жол қозғалысының негізгі ережелері бар сертификаттар берілген жас жаяу жүргіншілердің қауіпсіз мінез-құлқына ерекше назар аударды.

Бастауыш сынып оқушылары үшін Алексей Милюк жаяу жүргіншілер өткелінде жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін көрсетті.

– Мұндай сабақтар оқушылар үшін өте маңызды дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. 1 қыркүйекте білім беру нысандарының жанында полиция нарядтарының кезекшілігі күшейді. Өңірде жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды, – деп атап өтті полиция полковнигі.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов Қостанай қаласы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына ашық сабақ өткізді. Бұл 2020 жылы облыс орталығының жаңа шағын ауданында ашылған жаңа білім ордасы. Онда 2 мыңға жуық оқушы білім алады. Мұнда барлық инфрақұрылым талапқа сай жасақталған. Мәселен, бағдаршамдар, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылған.

Оқушылармен кездесу барысында жол-көлік оқиғасына әкелетін бұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Ең көп таралған бұзушылық жолдың рұқсат етілмеген жерлерімен жүру.

Қостанай облысы ПД бастығының барлық орынбасарлары, оның ішінде Дүйсембай Байбосынов пен Бауыржан Әбенов оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда сәттілік тіледі!Қауіпсіздік сабақтарын полицейлер өңірдің барлық мектептерінде тұрақты негізде өткізетін болады. Олар негізгі сабақ кестесіне енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру