ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында ауыспалы құрам тыңдаушылары арасында тимбилдинг өтті
ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында ауыспалы құрам тыңдаушылары арасында тимбилдинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күнінің қарсаңында оқу орталығының ауыспалы құрам тыңдаушыларына психологиялық тренингтік тимбилдинг, командааралық жарыс ойындары өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – болашақ ІІО қызметкерлерінің бойында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік жай-күйін психологиялық тұрғыда сезініп, тану. Осы мақсатта тыңдаушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен мүгедектерге көмек көрсету және оларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа баулу. Төтенше жағдайлар кезінде және одан кейін зардап шеккен адамдарға өзіндік психологиялық тұрақтылықты сақтай отырып, алғашқы медициналық көмек көрсете білу.
Сонымен қатар оқу топтары арасында өзара біртұтас команда моделін қалыптастыру, жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру.
Оқу орталығының бастығы Қ. Тілеубердиев алғашқы сөзінде іс-шараның мақсатын түсіндіре отырып, ашылуын жариялап, қатысушыларға жеңіске жетуге тілек білдірді.
Бұл іс-шараға Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі Айнұр Макулова; Шымкент университетінің “Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі Нұрила Бектаева; Индустриалды техникалық колледж педагог-психологі Сания Сейдиева; сонымен қатар, Шымкент қаласы және Түркістан облысының МКҚБ ММ-нің инспектор-психологі Гүлбану Әбдіқайым қатысып, пікірлерін білдірді.
Оқу орталығы басшылығымен жарыс жеңімпаздары марапатталып, қатысушы психолог мамандарға алғыс хаттар тапсырылды.