Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция қызметкерлері ант қабылдады

СҚО-да полиция қызметкерлері ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты Ант қабылдау, арнаулы атақтарды табыс ету, жарғыны білуін және саптық даярлығын тексеру – облыс орталығында Петропавл гарнизоны полицейлерінің саптық байқауы өтті. Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев үш қызметкерге “полиция лейтенанты” атағын табыс етті, сондай-ақ жеке құрамның жылдың суық мезгілінде қызмет атқаруға дайындығын жеке тексерді.

Патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, облыстық аппарат және қалалық полиция ведомствосының қызметкерлері, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы – саптық байқауға Петропавл қаласында орналасқан полицияның барлық жеке құрамы қатысты. Қысқы киімнің дайындығы, құжаттардың, жеке нөмірлерінің, ысқырғыш және басқа да арнайы құралдардың бар-жоғы – осылардың барлығын байқау барысында командирлер мен бастықтар тексерді. Саптық байқаудың шарықтау шегі петропавлдық полицияның қатарына қосылған жас қызметкердің Ант қабылдауы болды. Аға буын әріптестері, ақсақалдар, сондай-ақ туыстарының алдында төрт жас полиция қызметкері Отанға адал қызмет етуге және қызметтің қиындықтарына төзе білуге салтанатты ант берді.

– Бізде салтанатты түрде өз қатарымызға жас құқық қорғаушыларды қабылдаудың игі дәстүрі қалыптасқан. Біз сіздердің полиция қызметіндегі барлық қиын сыннан сүрінбей, абыроймен атқаруға және артқан сенімді ақтауға; тәлімгерлеріңіздің лайықты ізбасарлары болатындықтарыңызға сенім білдіреміз) (Конституция, Ант пен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын ұстаныңыздар, – деп құттықтады сап түзеген жас қызметкерлерді Марат Төлебаев.

Қалалық Полиция басқармасының тағы үш қызметкері өздерінің “полиция лейтенанты” алғашқы офицерлік атағын алды. Жас қызметкерлерді олардың өміріндегі жаңа, жауапты кезеңнің басталуымен Департаменттің Ардагерлер кеңесі мен Консультативтік-кеңесші органның төрағалары Ақан Сыздықов пен Жасұлан Ахметов, сондай-ақ жас қызметкердің бірі Лина Ысқақованың анасы құттықтады. Жиналғандардың алдында Бірінші полиция бөлімінің тергеушісі Әскербек Ерасыл сөз сөйлеп, жас қызметкерлер артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.

Саптық байқау Полиция департаментінің Мәдени орталығы үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен аяқталды.

Күн сайын облыс орталығындағы тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға екі ауысымға автомобиль және жаяу патрульдердің құрамында қызмет атқаратын жүзден аса полицей түседі; сондай-ақ полицейлер тәулік бойы стационарлық модульдік бекеттерде кезекшілік атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру