Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде танысының үйіне қонаққа барған жігіт оның заттарын үптеп кетті

Ақтөбеде танысының үйіне қонаққа барған жігіт оның заттарын үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 13 қазан күні қалалық полиция бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғын ұрлық туралы өтінішпен жүгінген.

Өтініш берушінің айтуынша, 5 қазан күні сағат 03:00-05:00-ке дейінгі аралықта таныс ер адам жатын бөлмесіндегі сөреден алтын білезікті, “Samsung” смарт сағатын және 50 мың теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған фактісі негізінде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Шығын 400 мың теңгені құрады.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті осындай жағдайларды болдырмау үшін пәтер, гараж кілттерін, құжаттарды, ақшаны және басқа да құнды заттарды көрнекті жерлерде қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру