Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтің Маңғыстау облысына жұмыс сапары

ҚР ІІМ министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтің Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші кезекте вице-министр облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Орталықтың ерекшелігі – жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмір белгілерін беру бойынша қызметтерді ұсыну. Сәрсенов орталықтың жұмысымен танысып, мемлекеттік нөмір белгілерін беру процесін тексерді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтіні мәлім, осылайша жүргізушілер қажетті құжаттарды кешенді түрде ала алады.

Сондай-ақ, ол облыстық Көші-қон қызметі орталығында болды. Айта кету керек, орталық қызметкерлері шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелерін шешу, визаны ұзарту, азаматтық мәселелері, тұрақты тұрғылықты жерге жіберу бойынша қызметтер көрсетеді.

Ақтау және Жаңаөзен қалаларының колледждерін, мектептері мен балабақшаларын аралай отырып, министрдің орынбасары білім беру мекемелерінде дабыл сигналын беру жылдамдығына «SOS батырмасын» тексерді. Дабыл түймесі – ІІМ көшелерде, қоғамдық орындарда және трассаларда орнатуды ұсынатын шұғыл шақыру құрылғысы. Дабыл түймесін басу арқылы құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе полициядан көмек сұрауға болады. Тексеру нәтижелері бойынша полиция жасағы мен күзет ұйымының қызметкерлері шақыру орнына 3-5 минут ішінде келді. Сонымен қатар, бейнебақылау камералары тексерілді. Мектепте бейнебақылау орнату қызметкерлер мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді – аумаққа бөгде адамдардың заңсыз кіруінің алдын алуға, барлық кіру және шығу жолдарын қашықтықтан бақылауға, ТЖ туындауын уақытында анықтауға, құқық бұзушылық немесе бұзақылық әрекеттер жасаған жағдайда кінәлілерді табуға және т. б. мүмкіндік береді.

Маңғыстауға келген ІІМ басшысының орынбасары Ақтау және Жаңаөзен қалаларының ПБ Жедел басқару орталығының жұмыстарымен танысты.
Облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасында Сәрсенов тергеушілердің қылмыстық процестің үш буынды моделі қағидаты бойынша қалай жұмыс істейтінін тексерді. Айта кетейік, бұл ереже 2021 жылдың басында енгізілген.

Жұмыс сапары барысында ішкі істер министрінің орынбасары қаланың жағалау аймағының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Каспий» стационарлық полиция бекетіне және полицияның учаскелік пункттеріне барды. Сондай-ақ ол полицейлердің сыртқы бейнебақылау камераларын, планшеттерін, бейнетіркегіштерін тексерді.

Сәкен Сәрсенов Полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізіп, 8 айдағы жұмысты қорытындылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру