Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

”Учаске” ЖПІШ: ШҚО полицейлері 29 заңсыз иммигранттарды анықтады

ШҚО полицейлері 29 заңсыз иммигранттарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйекте көші-қон қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ аясында Ақтоғай аумағындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз жел станциясы құрылыс жұмыстарымен айналысқан Тәжікстан Республикасының 29 азаматын анықтады.

– Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды, ол сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді, – дейді ШҚО ПД Көшіқон қызметі басқармасыбасшысы Ербол Бекпаев.

Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 300-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру