Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері екі күнде ЖҚЕ бұзған 300-ден астам жүргізушіні анықтады

Түркістан полицейлері екі күнде ЖҚЕ бұзған 300-ден астам жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығы Түркістан қаласында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғалары мен апаттарды азайтуға бағытталған рейдтерді жиі ұйымдастырады. Осындай кезекті рейдке полицейлермен бірге прокуратура қызметкерлері де қатысып, қала көшелеріндегі жүргізушілердің құқық бұзушылықтарын анықтады.

Нақтырақ айтар болсақ, қыркүйек айының соңғы екі күнінде 300-ден астам жүргізуші жол ережесін бұзған.

Оның ішінде екі жүргізуші мас халде болса, үш жүргізуші жолда келе жатып қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Сонымен қатар жылдамдықты арттырған бес жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған төрт жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өтіп кеткен жеті жүргізушіге қатысты әкімшілік шара көрілді.

Рейд барысында бұдан бөлек қауіпсіздік белдігін тақпаған, көлік тізгіндеп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен, көлігінің терезелерін күңгірттеп алған жүргізушілер де тоқтатылып, заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді және хаттама толтырылды.

Екі күндік рейдтің нәтижесінде 15 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру