Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда патрульдік полиция қоғамдық қауіпсіздікті күшейтті

Павлодарда патрульдік полиция қоғамдық қауіпсіздікті күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте Павлодар облысының полицейлері 1195 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 502-сі жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі болды. Өңірде "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру жалғасуда. Патрульдік полиция ротасы мен батальонының нарядтары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күн сайын қызметке түседі.

– Негізгі назар криминогендік аудандар мен азаматтар көп жиналатын орындарға аударылады. Патрульдік қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, тұрғындармен тығыз байланыста болады. Инспекторлар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалап қана қоймай, оқиғаларға бірінші болып әрекет етеді, қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыстарды "ізін суытпай" ашуға көмектеседі. Барлық құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, ал көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды, – дейді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Полицияда өңірде құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, ал барлық құқық бұзушы заң алдында міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру