Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері 4 адамды өрттен құтқарып қалды

БҚО полицейлері 4 адамды өрттен құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оразабаев көшесіндегі өрт туралы 27 қыркүйек күні сағат 18:40-та хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Орал қаласының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Қазбек Қабесов пен Орал қаласының ПБ ЖПҚБ УПИ көмекшісі Ислам Молдабеков келді. Көшеде өрт болған үйдің тұрғындары полиция қызметкерлеріне үйде бала бар екенін, сол үйдің тұрғындарына көміртегі тотығымен улануды болдырмас үшін балконға шығуды айтқан. Бірақ бала бар пәтердегі темір есік ішінен жабылып, ашылмаған.

Полиция және ТЖД қызметкерлерімен бірге есікті бұзғанын күтпей, үшінші қабаттағы балконға түсіп, баланы балконнан алып, өлімнен құтқарып қалды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өмір мен өлім арасында полиция қызметкерлері өз жанын шүберекке түйіп, өртке лауланып жатқан пәтерден отбасыны құтқарып қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру