Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің қатысуымен отырыс өтті

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығымен сотталғандарға қатысты азаптауларға жол бермеу және құқықтарын сақтау мәселесі бойынша отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Ішкі істер министрлігі және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығымен сотталғандарға қатысты азаптауларға жол бермеу және құқықтарын сақтау мәселесі бойынша отырысы өтті.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров өзінің кіріспе сөзінде Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде Министрлік ішкі істер органдарының қызметін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша қайта жандануды жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Халықпен «кері байланыс» орнату бойынша нақты жұмыс жүргізілуде: ҚАЖ бөліністерінде азаматтарға кеңес беру үшін 15 фронт-офис жұмыс істейді, азаматтарды апта сайын қабылдау жүргізіледі, «WhatsApp» мессенджерінде ҚАЖ комитетінің жедел желісі іске қосылды, төрағаның блогында азаматтардан өтініштер мен шағымдарды қабылдау жүргізіліп жатыр.

ҚАЖ комитетінің төрағасы Ешмағамбетов Жанат өз сөзінде түрме инфрақұрылымын жаңғырту, қазақстандық ҚАЖ мекемелерін бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты.

Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету мәселесінде ҚАЖ жүйесінде 65 медициналықбөлімні, 15 медициналық пункті, екі соматикалық, үш туберкулезге қарсы және бір психиатриялық аурухананың барын атап өту қажет. Өткен жылы 5,6 мыңнан астам науқас консультативтік-диагностикалық көмек алды, 385-тен астам хирургиялық операциялар сәтті аяқталды.

«Электрондық дүкендер» мен сотталғандар және тергеу-қамауындағы адамдардың шағым жолдауы үшін терминалдар қарқынды енгізілуде, бүгінгі күннің өзінде 400-ден астам өтініш түскен.

Бұдан басқа, республиканың үш өңірінде (ШҚО, СҚО және Қарағанды облысы) пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың келуін автоматты түрде тіркеу және саусақ ізі бойынша сәйкестендіру үшін биометриялық терминалдар орнатылуда.

Сондай-ақ, ҚАЖК төрағасының баяндамасынан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қашықтықтан бақылау құралдары (планшеттер, электрондық білезіктер) енгізілетіні белгілі болды, бұл азаматтардың қызметкерлермен байланыстарын барынша азайтуға және олардың келуі үшін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орайластырылған «Рақымшылық жасау туралы» Заңды әзірлеу бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Жобада азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды жазадан босату көзделеді.

ҚАЖК басшысы атап өткендей, пенитенциарлық жүйені реформалау халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған және сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне тікелей қатысты. Реформа шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды ұстау, тамақтандыру, медициналық қамтамасыз ету, еңбекпен қамту жағдайларын жақсарту жүзеге асырылады.

– Барлық ҚАЖ мекемелерінің ашықтығын, айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық-бақылау комиссияларымен, ұлттық алдын алу тетігімен және әртүрлі ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасасу жолға қойылған. Олар жазасын өтеп жатқан адамдарды ұстау құқықтары мен шарттарының сақталуына тәуелсіз мониторинг жүргізеді. Ықтимал азаптау фактілерінің немесе басқа да құқыққа қарсы әрекеттердің қандай да бір шамада жасалу белгілері байқалған барлық хабарламалар міндетті тіркелуге жатады және олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі. Біз үшін сотталғандарға ізгілікті қарым-қатынас, жалпы ғылыми құндылықтарға бағдарлау, заңдылық пен құқықтық тәртіп атмосферасын құру қағидаты басым болып табылады. Ағымдағы жылы азаптаудың бірде – бір фактісі тіркелген жоқ, – деп атап өтті Ешмағамбетов.

Кездесу соңында депутаттар қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру және құқық қорғау қызметін заңнамалық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру