ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Маңғыстаудың үздік тергеушілері мен анықтаушыларын марапаттады
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы қызмет бабында оң нәтижелерге қол жеткізген маңғыстаулық тергеушілер мен анықтаушыларды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Мұнайлы аудандық полиция бөлімі анықтау тобының анықтаушысы Асхат Қалжан, Ақтау қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Мирас Балтабайұлы марапатталды.
Сондай-ақ Санжар Әділов Мұнайлы аудандық полиция бөлімі анықтау тобының анықтаушысы Нұрдәулет Әзілбековке ҚР ІІМ бағалы сыйлығын табыс етті. Ақтау қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Азамат Габбасовқа алғыс жарияланды.