Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы облыс тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел және сапалы қарау мәселесі – полиция қызметіндегі маңызды бағыт болып табылады. Азаматтардың өтініштерін уақтылы қарап, проблеманың оңтайлы шешімін табу халықтың полицияға деген сенімін арттыратыны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда облысының Полиция департаменті басшылығының үнемі бақылауында. Мәселен, бүгін Департамент бастығы Бектөре Сұлтан жоспарлы жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға облыстың төрт тұрғыны жазылған. ZOOM платформасы арқылы өткен бүгінгі қабылдауға Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері де қатысты.

Бектөре Жеңісбайұлы тұрғындарды мұқият тыңдап, оларға заң аясында кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тұтастай алғанда жыл басынан бері Қызылорда облысы Полиция департаментіне 700-ге жуық өтініш келіп түсті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру