ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем кубогының жүлдегері атанды
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем кубогының жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27-28 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ Ұлттық ұланның “Батыс” өңірлік қолбасшылығының жауынгері қатардағы Еламан Қойшыбаев Армения мемлекетінің Ереван қаласында өткізілген ерлер мен әйелдер арасындағы спорттық самбодан жарысқа қатысты.
Спорттық самбодан жеке есепте әлем кубогының екінші күнінің қорытындысы бойынша 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұландық жауынгер Еламан Қойшыбаев 3-орынға ие болып, әлем кубогының жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Еламан – халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушысы және жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Сербияда өткен әлем кубогының жеңімпазы болған.